Қазақ халқының адал перзенті , парасатты азамат, шежірешілер Қоныс Әлімжанов, Ғалы Қасымұлы Умаров, Оразымбетов Қаналы, Теміртас Ахметов, Еркінбек Ыбрайымұлы Якуповтар жайлы ол кісілермен бірге ел ісіне қатынасқан, тонның ішкі бауырындай жақын болған адамдардың ой-пікірлерін естіп, естеліктерін оқып ғибрат алып жүреміз. Қазақ халқының елеулі тұлғаларының үлгі боларлық сөздері мен істері баршылық өмірдің тірегі; үйренуден жалықпау, үйретуге аянбау. Осыны өздеріне мақсат етіп қойған: Қоныс, Ғалы, Қаналы, Теміртас, Еркінбек ағаларымызды айтуға болады.
Бастаған істерін зеректілікпен тындыру, аяғына жеткізе білу әр адамға жетістік екені ақиқат. Кітап шығару білімділікті, шеберлікті, іздемпаздықты талап ететін машақатты іс. «Көргені жақсы, көңілдегідей іс тындырады» - демекші, Ғалы, Қоныс ағаларымыздың «Қанжығалы шежіресі» атты кітабының ой- тұжырымдарын іріктеп оқып, қалың оқырманға ұсынғанын қуанышпен қарсы алдық.
ОҚО Қазығұрт ауданы
Зейнеткер ұстаз, Омаров Сейдрасул