«Ұлттық салт-дәстүрлеріміз, тіліміз бен м у з ы к а м ы з , ә д е б и е т і м і з , жоралғыларымыз, бір сөзбен айтқанда, ұлттық рухымыз бойымызда мәңгі қалуға тиіс». Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңыру» еңбегінен. Айбынды жаужүрек батырларымен, и м а н д ы л ы қ т ы н а с и х а т т а ғ а н д і н и ғұламалармен, суырып салма ақындарымен, б и - ш е ш е н д е р і м е н , м а й т а л м а н еңбеккерлерімен әйгіленген қасиетті Ереймен өңірі жуырда тағы бір мәрте елдің елдігін, бабалар ерлігін баршаға паш етті. Дәстүрлі Аудан күні бұл жолы елдің есінде қалатын тартымды да айтулы оқиғамен сәтті жымдасты. Мақаламыздың тақырыбымен үйлесімді ғылыми-практикалық конференцияға, Астанадан бөлек, Қазақстанның бірқатар өңірлерінен қонақтар, облыстық БАҚ ж у р н а л и с т е р і к е л і п же т т і . Ауд а н жұртшылығы, қала мектептерінің жоғарғы сынып оқушылары қатысты. Аудандық мәдениет үйінің фойесінен Балалар музыка мектебінің домбырашылар оркестрінің күйі әуелеп тұр. Өзара құшақ айқастырған, алыстан ат терлетіп жеткен қонақтар жуырда Астанада басылып шыққан «Қанжығалы» шежіресіне, атаулы журналдың к е з е к т і с а нын а , Темі р т а с А хме т о в қ ұ р а с т ы р ғ а н ж е к е ш е ж і р е г е қызығушылықпен назар аударуда. Астананың Лев Гумилев атындағы ЕҰУ ә л еуме т т і к -мә д е н и д аму жө н і н д е г і проректоры, ҚР ҰҒА академигі Дихан Қамзабекұлы бастаған бір топ ғалымдар: профессорлар, тарих, филология ғылымының кандидаттары мен докторлары Қайырбек Кемеңгер, Тілеген Садықов, Серік Негимов, Жамбыл Артықбаев, Əміржан Əлпейісов ортамызды толтырды. Құрметті меймандар төралқаға шақырылды. Бүгінде ректор Ерлан Сыдықовтың білікті жетекшілігімен 3 мың маман қызмет атқаратын, 17 мың студент дәріс алатын білім ордасының бағдарлама аясында жастарды оқытуды, әлі де ашылмаған тылсым сырды зерттеу мақсатын көздеген ой-жоспары ауқымды. Алда әлі де зерттеуге, зерделеуге лайықты киелі өңір, мазмұны мен шығу т арихы қызықтыратын фольклорлық туындылар жетерлік. Концерт залында баст алған форум шымылдығын аудан әкімі Ермек Нұғыманов кіріспе сөзбен ашып берді. Бүгінгі жиынның м ә н - м а қ с а т ы Е л б а с ы Н ұ р с ұ л т а н Н а з а р б а е в т ы ң « Р у х а н и ж а ң ғ ы р у » ба ғдарлама сына , облыс әкімі Мәлік Мырзалиннің осы бағыт аясында бекіткен іс- шаралар жоспарына негізделеді. Көзделген түпкілікті ой-ниет – батырлар мен билердің, абыздар мен ақындардың есімін жарыққа шығару, елге таныту. Күні кеше өткен, латын қарпіне көшу бастамасы қамтылған облыстық жиын да болашаққа, заман ағымына ілесуге арналған игі қадамның бірі. Салтанат жағымды жаңалықпен басталды. Жерлесіміз, 1916 жылғы көтеріліс көсемі Жанайдар Ыбыраевтың ұрпағы, ұзақ жыл Астананың жоғары оқу орындарында оқытушылық қызмет атқарған Талғатбек Жанайдаровқа мерейлі 70 жасқа толуына орай құрмет көрсетілді. Қазақы дәстүрмен көпшіліктің қошеметімен аға иығына шапан жабылды, Бөгенбай медалі, аудан әкімінің Құттықтау хаты, гүл дестесі ұсынылды. Астаналық ғалымдар өз баяндамаларында түпкі негізі мыңдаған жылды қамтитын дәуір тарихы, бабалар ерлігі, замана оқиғасы жайында тартымды да мазмұнды ой қозғады, ұсыныс-пікірімен бөлісті. Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдары өткенімізді бағалауға, өшкенімізді жаңғыртуға, тарих пен ата дәстүрге оралуға негіз береді. Сонау бір кездегі «Жас тұлпар» ұйымы, сонау 1986 жылғы желтоқсан көтерілісі - бәрі-бәрі бүгінгі тәуелсіздігімізге жарқын жол салған қадам болатын. Бір кездері атеизмнің ықпалымен төл дінімізден де қол үзген күніміз болды. Қазақстанның алғашқы мүфтиі Сәкен қалпе Ғылманидың 1952-1972 жылдар аралығында ел ішінде имандылық бағытында атқарған еңбегі өлшеусіз. Біздің өңірімізде мәңгілік қоныс тапқан, Арғынның ақсақалы атанған Саққұлақ би, Тоқан хазірет, Едіге би, Олжабай батыр, Құлболды батыр, өзге тұлғалар баршаның назарын өзіне аудартады. Торғай өңіріндегі Қумая археологиялық кешенінің де тағылымдық мәні, туризмді дамытуға лайықты болашағы зор. Ғалымдардың әңгімесін, ой-ұсынысын сабақтаған журналист жерлесіміз Целиноград аудандық «Ақмол ақпараты» газетінің бас редакторы Жанат Түгелбаев, «Жас Алаш» г а з е т інің т ілші с і Сайлау Байбо сын, шымк е н т т і к қ о н а ғымыз Сұ л т а н б е к Төреманов ақсақал, өзге жерлестер мен қонақтар кезінде бірге жүздескен айтулы тұлғалар, естіген-білген тарихи деректер жайында молынан сыр шертті. Белгілі қоғам қайраткері Сайлаубек Байболовтың аудан әкімі Ермек Нұғымановқа арнаған алғыс лебізі, ризашылық ой-пікірі өңір басшысының мерейін еселеді. Конференция қабылдаған қарар бойынша атақты дара тұлғаларға көше атын беруге, м е к т е п т е р д е а р н а й ы т а қ ы р ы п т ы қ факультативтік сабақ өткізуге, есімдерін жеке жинаққа енгізуге ұйғарым жасалды. Аудан басшысы мен «Қанжығалы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Қайыркен Жақып с а х н а д а к ө п ш і л і к т і ң қ о ш еме т іме н «Қанжығалы» шежіресінің тұсаукесер рәсімін жүргізді. Осы жазда «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» тақырыбы негізінде арнайы топтың экспедициясы ұйымдастырылған б о л а тын . О сы с ап а р д а н т ү с і р і л г е н бейнефильм, «Қа з ақс т ан-Көкше т ау » т е л е а рна сының т і лші л е р і ә зі рл е г ен «Тіршілік» хабары өңіріміздің рухани байлығын тағы бір мәрте жарқырата сипаттап берді. Аймақ әнұранына айналған «Бөгенбай батыр» әні, көкшелік қонақтар Адам Хакім мен Гүлнұр Орынбайдың орындауындағы «Бөгенбай», ақмолалық майдангер жазушы марқұм Əскен Нәбиевтың шығармасына жазылған «Бабалар әні», «Домбыра сазы» әуендері, режиссер Талғат Смағұловтың авторлық «Туған жер» әні көреремен қауымды бір серпілтті. Атаулы тойға, «Қанжығалы» шежіресінің жарыққа шығуына қаржылай демеушілік үлесін қосқан, ауқымды да сауапты істі толық т и я н а қ т а ғ а н ж е р л е с т е р і м і з б е н меймандарымыздың үлкен тобы көпшіліктің қ ошеме т іме н « Б ө г е н б а й » ме д а л і н е ұсынылды. Аудан әкімі Ермек Нұғымановтың, б е л г і л і қ о ғ а м қ а й р а т к е р л е р і м е н к ә с і п ке рл е р імізд і ң , шежі р е ү л г і с і н құрастырушылардың, қонақтарымыздың есімдері сахнадан құрметпен аталып жатты. Ғалы Умаров, Сайлаубек Байболов, Қайрат Атагелдиев, Зейнолла Шепкенов, Бекболат Мұқышев, Тоқтарбай Ержанов, Сейдрасул О ма р о в , Ер к і н б е к Як у б о в , Қа н а лы Оразымбетов, Солдат Дүтпаев, ереймендік ел ағалары Төлеген Əбдин, Бөкеш Мейрам, М а ғ ж а н Ж о л д а с о в , С ә к е н қ а л п е Ғылманиқызы Үкіжан апа, Жақып Қайыркен, Майдан қажы Көзкина, Сәуле Қияшева, фермерлер Сағидолла Биекенов, Балтабай Қосыбаев- көптеген өзге жандар әспеттелді. Кезінде тарих пен шежіреге ықылас қойған, бүгінгі ұрпаққа құнды мұра қалдырған, өмірден өткен тұлғалар Балташ Сыздықов, Ғалымжан Мұқатов, Қазыбек Құсайынов, Алихан Барлыбаев, Амантай Қасымов, Жанат Жанайдаров, айтыс ақындары Аманжол Əлжанұлы, Бекболат Меркемелиденұлы марапатталушылардың тізіміне ілікті. Бұл да аға рухына көрсетілген бір құрмет. «Үмбетей жырау» естелік бюстісі негізінен спорт пен өнер майталмандарына, ұйымдастыру алқасының Алғыс хаты бүкіл демеуші-кәсіпкер азаматтарға ұсынылды. Салтанатқа жиылған халық тағы бір жағымды жаңалықтың куәгері болды. Саналы ғұмырын тәуелсіз ел шекарасын, тұтастығын, туған жерінің тыныштығын қорғауға арнаған офицер жерлестеріміз Қалиәскер Жантеміров пен Талғат Сыздықов әйгілі Халық қаһарманы Бауыржан Момышұлының «Ба тыр шап а ғ а ты» мед а л іме н , Жұма Та йжа н о в , и н т е р н а ц и о н а л и с т -жауын г е р Х ами т Ө мі р з а қ о в «Республикалық ауған соғысы ардагерлері одағы» қоғамдық бірлестігінің атынан генерал Сабыр Рахимов медалімен марапатталды. Атаулы рәсім келесі күні елдігімізді танытқан, Рухани жаңғыру лебін, жалпы ынтымақ-бірлігімізді, түрлі саладағы өнер-қабілетімізді паш еткен Малтабар ауылында тиісті бағдарламаға негізделген Аудан күні мерекесіне ұласты.
Нұрлыбек МҰРАТБЕКҰЛЫ. Суретті түсірген Зухра ТАСБОЛАТОВА.