ГЛАВНАЯАРХИВ НОВОСТЕЙИМИДЖ ГОСУДАРСТВЕННОЙ СЛУЖБЫВОПРОСЫ ПРОТИВОДЕЙСТВИЯ КОРРУПЦИИО ПРОТИВОДЕЙСТВИИ ТЕРРОРИЗМУО КАДРОВОМ ОБЕСПЕЧЕНИИПРОГРАММА РАЗВИТИЯ ТЕРРИТОРИИ ЕРЕЙМЕНТАУСКОГО РАЙОНАНОВАЯ ЭКОНОМИКА - НОВЫЕ ПЛАНЫ И ГОРИЗОНТЫК ЗЕЛЕНОЙ ЭКОНОМИКЕЭКОНОМИКА и ФИНАНСЫГРАЖДАНСКИЙ БЮДЖЕТОБРАЗОВАНИЕСОЦИАЛЬНАЯ ЗАЩИТА И ЗАНЯТОСТЬДОРОЖНАЯ КАРТА 2020ЗДРАВООХРАНЕНИЕКУЛЬТУРА И ЯЗЫКИФИЗИЧЕСКАЯ КУЛЬТУРА И СПОРТТУРИЗМВНУТРЕННЯЯ ПОЛИТИКАСЕЛЬСКОЕ ХОЗЯЙСТВОАРХИТЕКТУРА И ГРАДОСТРОИТЕЛЬСТВОЖИЛИЩНО-КОММУНАЛЬНОЕ ХОЗЯЙСТВО ПАССАЖИРСКОГО ТРАНСПОРТА, АВТОМОБИЛЬНЫХ ДОРОГ, СТРОИТЕЛЬСТВА И ЖИЛИЩНОЙ ИНСПЕКЦИИПРЕДПРИНИМАТЕЛЬСТВО и ПРОМЫШЛЕННОСТЬГОСУДАРСТВЕННАЯ ПОДДЕРЖКА ПРЕДПРИНИМАТЕЛЬСКОЙ ДЕЯТЕЛЬНОСТИУПРАВЛЕНИЕ ПО ГОСУДАРСТВЕННЫМ ДОХОДАМЗЕМЕЛЬНЫЕ ОТНОШЕНИЯПРОЕКТЫ НОРМАТИВНО-ПРАВОВЫХ АКТОВНОРМАТИВНО-ПРАВОВЫЕ АКТЫВОПРОСЫ ПРОФИЛАКТИКИ ПРАВОНАРУШЕНИЙВЫБОРЫОБЩЕСТВЕННЫЕ СЛУШАНИЯОТЧЕТНЫЕ ВСТРЕЧИПУБЛИЧНЫЕ ОБСУЖДЕНИЯТЕКУЩАЯ ДЕЯТЕЛЬНОСТЬСЛУЖБА ЦЕНТРАЛЬНЫХ КОММУНИКАЦИЙ СООБЩАЕТПОИСК СОЛДАТАНИКТО НЕ ЗАБЫТ - НИЧТО НЕ ЗАБЫТО О ВЕТЕРАНАХ ВОВПОЧЕТНЫЕ ГРАЖДАНЕ РАЙОНАВИДЕОРЕПОРТАЖИЛЕГАЛИЗАЦИЯТЕНДЕРА и ГОСУДАРСТВЕННЫЕ ЗАКУПКИСПИСОК ОЧЕРЕДНОСТИ ГРАЖДАНГАЛЕРЕЯКАРТА САЙТАЗЕМЛЯ ПО ЗАКОНУРАЗЪЯСНИТЕЛЬНАЯ ПО ГОСУДАРСТВЕННЫМ ИНИЦИАТИВАМОЦЕНКА ЭФФЕКТИВНОСТИ БЮДЖЕТНЫХ ПРОГРАММ РАЗВИТИЯБЮДЖЕТНЫЕ ПРОГРАММЫНЕПРАВИТЕЛЬСТВЕННЫЕ ОРГАНИЗАЦИИЕНПФ"РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ"МЕДИАЦИЯДЕКЛАРАЦИЯ О ДОХОДАХОСМСУПОЛНОМОЧЕННЫЙ ПО ЭТИКЕ АППАРАТА АКИМА ЕРЕЙМЕНТАУСКОГО РАЙОНАКОММУНАЛЬНОЕ ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ "ЦЕНТР ИЗУЧЕНИЯ ЯЗЫКОВ"ВЫДАННЫЕ РАЗРЕШИТЕЛЬНЫЕ ДОКУМЕНТЫ

№

Толық аталуы, орналасқан жері

 

Тарихи деректер

Фото-суреті

Зиярат ету тәжірибесі

 

1.

 

Саққұлақ бидің мазары.  Ерейментау қаласының шығысына қарай 25 шақырым жерде, Қоржынкөл көлінің жағасында орналасқан

 

Бұл мазар 1886 жылы салынды. Мазардың ішінде Орта жүздің боз арғымағы атанған Саққұлақ би мен  балалары жерленген.

Бұл мазардың айналасы Бөгенбай батыр ұрпақтарының ескі қорымы. Саққұлақ жайлы 1976 ж. шыққан Қазақ Совет энциклопедиясында, 1993 ж шыққан «Қазақтың би шешендері», 2008 ж, Астана энциклопедиясы, 2008 ж. Ақмола обл. Тарихи- мәдени мұрасы, 2009 ж, Ақмола облысының энциклопедиясында жазылған.

 


                       ескі нұсқасы

      

  2000 жылы ұрпақтары қайта көтерген

 

 

 

 

 

                         ішкі көрінісі

 

Тілек тілеп,бата алуға барады.

 

 

2

 

Ақмырза өзенінің бойындағы Жолбасшы ауылының тұсында Сүйіндік Құлболды батыр-әулие ескерткіші. Кесене 1999 жылы тұрғызылды. Ерейментаудан 78 шақырым жерде орналасқан

 

 

 

Құлболды батыр, әрі би тума қасиет иесі болған. 1540-1630 жылдары өмір сүрген. Кесенені ұрпағы Тайкенов Марат орнатты.

 

 

 

 

 

 

 

Тілек тілеп, бата алуға барады.

 

3

 

Сілеті бойындағы Қозған Түйте әулие ескерткіші. 18-19 ғасыр аралығында өмір сүрген. 2007 жылы тамыз айында қойылды. Ескерткішті орнатқан Даулет Бекмағанбетов.

 

 

 

Әулие, емші болған


 

 

Тілек тілеп, бата алуға барады.

 

4

 

Тоқан қазірет ескерткіші. 20 ғасыр.

Тоқан (Тоқмағанбет) хазірет Домаұлы шамамен 1851 жылдары туып, 1916 жылы қазан айының ішінде дүниеден өтеді. Қабірі Ерейментау ауданындағы Керегетастың Тұмсығында, өз ауылының зиратында жатыр.

 

 

 

Тәуіп, емші болған.

 

 

 

Жұрт қасиетті деп есептеп, зиратына тәуіп етеді. 1993 жылы ұрпақтары келген адамдарға қажет деп үй тұрғызған, 2013 жылы шөбересі Қайролла Әсетұлы зираттың қоршауын жасаған. Ерейментауда Тоқан қазірет атында мешіт бар.

 

 

 

 

5

 

Үмбетей жырау бейіті. Ерейментау ауданының Қоржынкөл станциясының онтүстігіне қарай, 10 шақырым жерде Мыңшұңқыр деген қорымда  орналасқан. 1786 жылы салынған

Үмбетей -жыраулық поэзияның көрнекті өкілі, жалынды жыршы, адуынды ақын, данагөй абыз.Сол замандағы батырлардың ерлік істерін барынша толғап, кеңінен жырлап, әдеби образдарын жасап кеткен. Үмбетей жырау жайлы 1989 ж. шыққан «Бес ғасыр жырлайды»,1996 ж, шыққан «Дау шешеді дана сөз», 2004 ж. «Жеті ғасыр жырлайды» атты жинақтарда жазылған

 

 

6

Бөгенбай сөресі. Ерейментау ауданының Сілеті ауылында орналасқан.

1775 жылы  Қанжығалы Бөгенбай батыр қайтыс болғаннан кейін мәйітін тұздап, былғарыға тіктіреді, бөренелерден биік сөре жасап, мәйітті 40 күн сол жерде сақтайды. 40 күннен кейін Абылай  ханның бұйрығымен үлкен ұлы Тұраналы бастап Түркістанға Қожа Ахмет Яссауи мавзолейіне апарып жерлейді. Кейін Бөгенбайдың мәйіті сөреде сақталған жерді «Бөгенбай сөресі» деп атайды.

 

 

 

 

7

 

Қос батыр ескеркіші. 6-7ғғ

Ерейментау ауданы Торғай ауылынгың маңында орналасқан..

 

 

1942-1960 жж Орталық Қазақстан археологиялық экспедиция- жетекшісі А.Машанов, академик-археолог Ә. Марғұлан зерттеп, археологиялық ескерткіштер тізіміне енгізген. 2008-2012жж бұл тас мүсіндердің тарихи маңызына мән беріп жария еткен ғалым Айман Досымбаева. Ол ғұрыптық ескерткіш, тастан қаланған төрт бұрышты екі қоршаудан тұрады. Екі қоршаудың шығыс жағында тастан қашалған екі батырдың мүсіні бар


 

 

8

 

Олжабай батыр мазары. 1785ж салынған. Ерейментау ауданының оңтүстік батысында 42 км шақырым жерде Олжабай батыр ауылында орналасқан.

 

Орта жүзге ұран болған Олжабай батыр 1709-1785 жж. аралығында өмір сүрген, жоңғар басқыншыларына қарсы күрескен қазақтың атақты батырының бірі.Орта жүздің арғын тайпасы, сүйіндік руынан шыққан. Ол кісі жайлы академик Әлкей Марғұлан жазып кеткен.


 

 

9

 

Едіге би бейіті. Ерейментау ауданы Елтай ауылында орналасқан. 2016 жылы ұрпақтары басына тас орнатты.

 

 ЕДІГЕ БИ ТӨЛЕБАЙҰЛЫ   

(XVII ғасырдың ортасы - XVIII ғасырдың басы) - Тәуке хан ордасындағы билер кеңесінің беделді мүшесі. «Жеті жарғыны» түзуге қатысқан би, қазақ халқының күш біріктіріп, жоңғар шапқыншылығына тойтарыс беру ісінде көрнекті рөл атқарған саясаткер. Орта жүз құрамындағы арғын тайпасының қаржас руынан шыққан. Оның шешендік сөздері ел аузында көп сақталған. Халық арасында Едіге би «Ердің құнын екі ауыз сөзбен бітірген» деп те дәріптеледі. Едіге сол замандағы көшпелі қазақ қоғамының айтулы қайраткері, ақылман биі, аузы дуалы шешені. Оның кісілік келбеті мен адами болмысы жайлы Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлы жан-жақты жазып кеткен. Он төрт жасында ат жалын тартып мініп, ел ісіне араласқан Едігенің бар ғұмыры қазақ арасындағы таусылмайтын дау-дамайдың, руаралық қақтығыстың арасында өткен. Сол аумалы-төкпелі заманда ағайынға оң жол сілтеп, қалың бұқараға басшы бола білген Едіге би Төртуыл-Сүйіндік елінің панасы мен данасы атанған адам


 

 

10

 

   Шорман би.

1788 жылы туып, 1837 жылы қайтыс болған. Елді аузына қаратқан атақты би болған. Қазақ еліне танымал ғалым, ағартушы  Шоқан Уалихановтың нағашы атасы.

 

 

 

Сүйіндік елінің төбе биі болған, Шоң би қайтыс болған соң уақытша Баянауыл округінің аға сұлтан міндетін атқарған. 49 жасында қайтыс болған.


 

 

 

Разработка и поддержка сайта IT-Expert
www.it-expert.kz
020800, Акмолинская область, Ерейментауский район, город Ерейментау, ул.А.Кунанбаева 121
Тел.: 8(71633) 21333, 21467, 23465
E-mail: oo_erem@mail.ru