Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде «Қасиетті Қазақстан» ғылыми-зерттеу орталығының жетекшісі Берік ӘБДІҒАЛИҰЛЫ, тарих ғылымдарының докторы, профессор Зайнолла САМАШЕВ, тарих ғылымдарының докторы, этнограф, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеттің профессоры Жамбыл АРТЫҚБАЕВ және «Қасиетті Қазақстан» ғылыми-зерттеу орталығының қызметкері Қайсар ТҰРСЫНҒОЖАНЫҢ қатысуымен «Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында айтылған «Қазақстанның қасиетті жерлері географиясы» жобасын іске асыру бойынша атқарылған жұмыстар тақырыбында баспасөз конференциясы өтті.
Оның барысында: «Бүгінгі таңда біз әзірлеген нұсқаулық бойынша өңірлерден шамамен 1000 тізім келіп түсті. Бүгінде жетекші ғалымдар мен қоғам қайраткерлерінен құрылған Сараптамалық кеңесінің шешімімен 100 жалпыұлттық деңгейдегі, 500 жергілікті маңызы бар қасиетті орындардың тізімінің жобасы жасалды. Іс жүзінде халық бұл жерлерді бұған дейін анықтап қойған. Біздің міндетіміз – қасиетті орындардың бірыңғай желісін құру. Болашақтағы міндет – оларды кеңінен насихаттау», - деп хабарлады Б. Әбдіғалиұлы.
Тарих ғылымдарының докторы, профессор Зайнолла Самашев: «Бізде тарихи оқиғалар өткен, бірақ қазіргі күнде ол жерде ешқандай белгі сақталмаған, ешқандай із байқалмайтын жерлер бар. Қираған ескерткіштердің сынығы немесе жай орны ғана қалған нысандар бар. Алайда, тарихи мәні өте зор болғандықтан, ол жерді құрметтеп жатамыз. Мысалы «Таңбалы тасты» алсақ, толық қалпына келтіру жұмыстарын қажет етеді. Бұл өте маңызды нысан. Осындай қасиетті орындарымызды тізімге енгізу ұсынылуда», - деді.
Қазақстанның қасиетті орындарының картасын қалыптастыру барысында, аймақтарда жұмыс топтары құрылып, ұсынылған қасиетті нысандар бойынша республикалық этно-мәдени экспедиция жұмысы ұйымдастырылып жатқандығын атап өтті.
«Қасиетті Қазақстан» ғылыми-зерттеу орталығының қызметкері Тұрсынғожа Қайсар: «Бүгінде тарихшы, археолог, этнограф ғалымдармен бірігіп Қазақстанның қасиетті орындарының картасы жасалуда. Бұл карта мультимедиялық құрылымдар арқылы мобильді форматта, электронды түрде қолжетімді болады», - деді.
_____________________________________________________________________
Қосымша ақпаратты + 7 (7172) 999 064 (ішкі 630) телефоны арқылы немесе kielikaz@gmail.com поштасына хабарласуға болады.
ПРЕСС-РЕЛИЗ
19 сентября 2017 г. г.Астана
Б.Абдигалиулы: «Создан проект перечня из 100 общенациональных и
500 региональных объектов культурного наследия»
В Службе центральных коммуникаций состоялась пресс-конференция с участием Руководителя научно-исследовательского центра «Сакральный Казахстан» Берик АБДЫГАЛИУЛЫ, историк, этнолог, специалист по социальной антропологии в ЕНУ им.Л.Н.Гумилева Жамбыл АРТЫКБАЕВ, археолог, первооткрыватель знаменитых Берельских курганов, главный научный сотрудник Института археологии МОН РК им.А.Маргулана Зейнолла САМАШЕВ и разработчик интерактивной карты «Сакральный Казахстан» Кайсар ТУРСЫНКОЖА на тему: «О реализации спецпроекта «Сакральный Казахстан» в рамках статьи Главы государства Взгляд в будущее: модернизация общественного сознания».
В ходе пресс-конференции: «На сегодняшний день из регионов по разработанным нами реокмендациям поступило около 1000 объектов. На сегодня решением Экспертного совета, который был создан из числа ведущих ученых и общественных деятелей, определено список проекта около 100 общенациональных и 500 региональных объектов культурного наследия. На самом деле, народ давно уже выявил эти места. Наша задача – создать единую сеть сакральных мест. Задача в перспективе – широко освещать их», - сообщил Б.Абдыгалиулы.
Доктор исторических наук, профессор Зайнолла Самашев: «У нас есть места, где происходили исторические события, однако в которых никаких следов уже не осталось. Есть лишь обломки исторических артефактов, либо же просто оставшиеся после них места. Однако, в связи с их историческим значением, мы почитаем эти места. К примеру, «Таңбалы тас» требует реставрационных работ. Это очень важный исторический объект. Наше предложение - включить в этот список такие особо важные исторически-значимые места», - отметил ученый.
В ходе формирования карт сакральных мест Казахстана в регионах были созданы рабочие группы, и сформированы этно-культурные экспедиционные группы отметил руководитель центра.
Сотрудник научно-исследовательского центра «Сакральный Казахстан» Кайсар Турсынгожа: «Сегодня с участием историков, археологов, этнографов формируется карта сакральных объектов Казахстана. К сакральной карте будет виртуальный доступ в мобильном формате и через всевозможное мультимедийные приложения».
_____________________________________________________________________
Дополнительную информацию можно получить, позвонив по тел. + 7 (7172) 99 90 64 или по почте kielikaz@gmail.com.