2017 жылдың 18 қыркүйегінде Қазақстан Республикасы халқының тілдері күні мерекесіне орай «Тілдерді оқыту орталығы» КММ-нің ағылшын тілі оқытушысы Айгерім Қуанышқызы бастауыш топ тыңдаушыларымен «Who knows English best» атты тақырыбында сайыс сабағын өткізді. Сабақтың мақсаты - тыңдаушылардың сөйлеу, тыңдау және оқу қабілеттерін машықтау, назарларын, есте сақтау, ойлау қабілеттерін дамыту, ағылшын тілін үйренуге деген қызығушылықтарын арттыру. Сабақ барысында тыңдаушылар екі топқа бөлініп, өзінің топтарын ағылшын тілінде таныстырып, ұрандарын айтты. Екінші кезеңде «Ойлан,тап» атты сайыс өткізілді, тақтада 3 түсті ұяшықтар ұсынылып, берілген сұрақтарға жауап қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде берілді. Сонымен қатар грамматикалық тақырып ретінде Present Simple және Present Continuous шақтары талқыланып, жаттығулар орындалды.Тыңдаушылардың сөйлеу қабілеттерін машықтау мақсатында сабағымыздың үшінші кезеңі интербелсенді тақтада бейнеленген суреттерді сипаттау және айырмашылықтарын табу тапсырмасынан тұрды. Бұл тапсырманы да тыңдаушылар жақсы деңгейде орындады. Сабақтың келесі кезеңі ағылшын мақалдарының жалғасын табу тапсырмасын қамтыды. Сабақ ағылшын сөздерін көп білетін топ басшысын анықтау сайысымен өз мәресіне жетті. Сабақ соңында ұпайлар саны есептеліп, ең білгір топ анықталды.
Ерейментау тілдерді оқыту орталығы.
2017 жылдың 19 қыркүйегінде орталық оқытушысы Анар Жолдыбайқызы Хасенова 22-қыркүйек Қазақстан Республикасы халқының тілдері күні мерекесіне орай №8 Агротехникалық колледжі тыңдаушылары арасында «Тіл жоқ жерде, ұлт жоқ» атты ашық сабақ өткізді. Сабақтың мақсаты: тілдің қадір – қасиетін ұға білуге, сезінуге, оны өшпес мұра етіп сақтап, ұрпақтан-ұрпаққа жеткізуге тәрбилеу, қазақ тілінің мәртебесін көтеру, Қазақстан мемлекетінде тұратын барлық халықтардың тілдерін құрметтеуге шақыру. Сабақ барысында ұйымдастыру кезеңі өткізілген соң, тыңдаушылардың сабаққа деген қызығушылықтарын арттыру мақсатында интербелсенді тақтада бейнеленген тіл туралы мақалдардың жалғасын табу тапсырмасы берілді. Тыңдаушылар санды ребустарды шеше отырып, жаңа сөздермен танысты. Грамматикалық тақырып түсіндірілгеннен кейін, жұмыс дәптерлерінде берілген тапсырмаларды жазбаша орындап, сөздерді қажетті ұяшықтарға топтастыру тапсырмасы берілді. Тыңдалым бөлігінде тіл туралы қызықты деректермен танысты. Сабақ сұрақтарға шапшаң, әрі дұрыс жауап алу арқылы қорытындыланды.
2017 жылдың 20 қыркүйегінде Қазақстан Республикасы халқының тілдері күні мерекесіне орай «Тілдерді оқыту орталығы» КММ-нің оқытушысы Гүлсім Ақанайқызы жоғары топ тыңдаушыларымен «Тіл өлшеусіз қазына, өрісі кең әлем» атты тақырыбында сайыс сабағын өткізді. Сабақ 5 кезеңнен тұрды. Бірінші кезеңде тіл туралы айтылған қанатты сөздердің мағынасын ашу, «Кім жылдам?» кезеңінде ақын жазушылардың туған жылын, туған жерін суреттерімен сәйкестендіріп, сұрақтарға жауап бере отырып өз білімдерін көрсете білді, «Полиглот» кезеңінде жұмбақтардың шешуін тауып қазақ, орыс тіліне аударды, «Қызықты ұйқастар» кезеңінде жылдамдықпен сөздердің ұйқасын тауып