Ре спублика көлемінде бұл күндері Қазақстан Республикасының тілдері күніне арналған шаралар ұйымдастырылуда. Редакциямыздың хатқоржынында білім ордаларынан жолданған осы тақырып аясындағы хаттар легі де аз емес. Бұл жолы Тілдерді оқыту орталығының директоры Жұлдыз Шахатовамен жүздестік. Тіл үйрету негізінде атқарылған жұмыс жайын, Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани сананы жаңғырту» бағдарламалық құжаты аясындағы іс-шаралар ретін сұрап білдік. -Орталықтың жұмысы Қазақстан Республикасының тілдерді дамытудың және қолданысының 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы негізінде атқарылады. Өз ісін «Мемлекеттік тілді оқыту орталығы» коммуналды мекемесі ретінде 2012 жылдан бастады. 2013 жылдың шілдесінен әкімдіктің қаулысымен қызмет желісі кеңейтілді де, «Тілдерді оқыту орталығы» атауын иеленді. Елбасы халқымыздың алдына келелі міндет жүктеді. Ел азаматының бәсекеге қабілеттілік белгісінің бірі ретінде шет ел тілін, соның ішінде саясаткерлердің, бизнесмендердің, мәдениет, спорт қызметкерлерінің халықаралық тілі - ағылшын тілін меңгеруіне ден қойды. Бүгінгі күні біздің орталықта мемлекеттік және азаматтық қызметкерлер қазақ тілі мен ағылшын тілін оқып-үйрене алады. Оқу бағдарламасы КАЗТЕСТ (А1, А2, В1, В2, С1) деңгейлік жүйесімен үйлестіріле әзірленген. Сабақ академиялық екі сағаттан - 80 минөт есебімен аптасына екі рет өткізіледі. Тыңдаушыларға дайындықтың әрбір деңгейінде 120 сағат бөлінеді. Жоғары деңгейдегі студенттер жыл соңында емтихан тапсырады да, тіл курсын тәмамдағаны туралы сертификат алып шығады. Тілдерді дамытуға және қолдануға арналған мемлекеттік бағдарламада 2020 жылға дейін мемлекеттік қызмет көрсететін мемлекеттік қызметкерлерді толық 100 пайыз курстан өткізуге тапсырма белгіленген. Бүгінгі күні алдағы 2017-2018 оқу жылына қазақ тілін оқыту курсына 141 тыңдаушы, ағылшын тілін үйренуге 40 шәкірт тіркелді. Олардың арасында ішкі істер саласының, аудандық соттың, қазынашылық мекемесінің, денсаулық сақтау жүйесінің, №8 АТК, өрт сөндіру бөлімінің, «Су Арнасы» мен «Теплосервис» коммуналды мекемелерінің, ветеринария, кітапхана мамандары баршылық. Біздің нәтижелі жұмыс кезеңімізде: 2012-2017 жылдар аралығында, ол жөнінде нық сеніммен айтуыма әбден болады, В2 санаты бойынша 162 тыңдаушы, В1 санатында - 17, А1 санатында -21 адам қазақ тілін оқығаны туралы білім сертификатын алып шықты. 60 адам 120 сағаттық ағылшын тілінің курсын тәмамдады. Əріптес-ұстаздар А.Хасенова, Г.Тұғыбаева, А.Айнагелдинова тыңдаушы-студенттермен қажырлы жұмыс жүргізіп келеді. Орталықта оқытушыларға жұмыс і с т е у г е л а йық ты б а р лық жа ғ д а й т о лық қарастырылған. Əдістемелік көркем әдебиеттер, бейне- визуалды материалдар мол жинақталған. Тек шәкіртіне тілді оқытуға, білім-білігін танытуға лайықты ниет қажет. Мемлекеттік тіл үйретілімін насихаттау және қолданыс аясын кеңейту, қазақ әдебиеті классиктерінің шығармаларын оқыту мақсатында өзге ұлт өкілдерінің арасында дәстүрлі түрде әркелкі конкурс ұйымдастырылып тұрады. Оралхан Бөкейдің шығармаларын мәнерлеп оқу сайысы, Абай оқулары, тіл мерекесі, орыс тілі білгірлерінің «Ой-сана» конкурсы өткізіледі. Өзге ұлт өкілдерінің тіл білгірі, билингвист, яғни үш тіл білгірі сайысы қолға алынады. Барлық шаралар жайындағы ақпарат міндетті түрде аудандық газетте жарияланады. Жеңімпаздарға естелік сыйлық, грамота беріледі, бірінші орын иегерлері облыстық тіл білгірлері бәсекесіне жіберіледі. Өткен оқу жылы әріптестеріміз үшін барлық жағынан нәтижелі болды. Ұстаз Анар Хасенова облыстық байқау- конкурстан екінші орынмен оралды. Ағылшын тілінің маманы Зухра Тасболатова облыстық тіл шеберлігі жарысында бірінші тұғырға көтерілді, республикалық сайысқа жолдама алды. Абай шығармаларын үздік оқу шеберлерінің облыстық конкурсында бақ сынаған Қайыргелді Гүлзат бірінші орынды иеленді, республикалық деңгейде аудан намысын қорғамақ ниетте. Ұжым мүшелері облыс әкімі Мәлік Мырзалиннің төрағалығымен өткізілген латын қарпін енгізуге арналған облыстық форумға қатысты. Орталықтың қызметкерлері форумға жиналғандардың үндеуін толық мақұлдайды. Келешекте қазақ тілінің жаңа графикасын енгізумен айналысатын болады, бұл іс кезең-кезеңмен жүргізіледі.
Раушан НҰРҒАЗИНОВА редактор газеты "Ерейментау".