Елбасымыз Н.Ə.Назарбаев өз Жолдауында: «Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде», - деп атап көрсеткен. Біздің мақсатымыз - өз ана тілімізді көздің қарашығындай сақтау, білікті де зерделі, сауатты да бәсекеге қабілетті ұрпақ тәрбиелеу Тіл - мемлекеттің тұғырлы тірегі, халықтың рухани байлығы, өткені мен болашағының айқын көрінісі. Ана тілінің қадір-қасиетін біле білген халқымыз оны ұлттың рухына, қазына байлығына балайды. Себебі, тіл - халықтың жаны, сәні, тұтастай кескін-келбеті, ұлттық болмысы. Адамды мұратқа жеткізетін – ана тілі мен ата дәстүрі. Біздің осындай халықтық қасиетті мұрамыз, ана тіліміз - қазақ тілі. Қазақстан Республикасының тілдері күні мерекесіне орай мектебімізде 6-18 қыркүйек аралығында «Ұлттық тіл-мәдениеттің негізі және іргетасы» тақырыбында онкүндік өткізілді. Оқушылар барлық іс-шараларға белсене қатысты. Тілді әспеттеуге, құдырет-қасиетін бағалауға зор ықылас танытты. Өзге ұлт өкілдері де қазақ тілінің маныздылығын түсінді. Тиісті жоспарымыз бойынша 10-11 сыныптар арасында «Латын әліпбиіне көшудің маңызы» атты «дөңгелек үстел» сағаты ұйымдастырылды. 5-7 сынап оқушыларымен бірге «Ұлт рухының алтын қазынасы-тіл» атты ұлттық ойын өткізілді. Мұғалімдердің қатысуымен «Funny English» тақырыбында танымдық шара, сонымен қатар терең маңызды тәрбие сағаты мен зияткерлік сайыс сабағы өз кезегімен жүріп жатты. Оқушыларымыз онкүндік бойы жан-жақты ізденісте болды, өздігінен тапқан қосымша деректерді игілікке тиімді қолдана білді. Менің айтайын дегенім: Алда тұрған мақсатқа жету үшін талаптану да, тырысу да өз қолымызда. Көп болып қолға алынған іс әрқашан да жүйесін табады. «Ана тілің-арың бұл, Ұятың боп тұр бетте. Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте», – деп Қадыр Мырза Əлі аманат қалдырған болатын Қазіргі қоғам басқа тілді үйренуге еш шек қоймайды. Дегенмен, қазақ тілін мемлекеттік тіл дәрежесіне көтеруге әр қазақ білігімен, еңбегімен, жанашырлық ниетпен үлесін қосса екен деймін. Өзгенің құлы емес өз еліміздің ұл-қызы болайық, өзгенің емес,өз еліміздің тілін ұлықтап, мәртебесін асырайық демекші, Ұлттық тілімізден мол сусындай жүріп, мәдениеттің негізі мен іргетасын ынтымақ-бірлігі жарасқан тұтас ел болып бірге қаласақ - бағымыз жанады.
Г.ТЕМІРБЕКОВА, Торғай орта мектебінің қазақ тілі мен қазақ әдебиеті мұғалімі.