ГЛАВНАЯАРХИВ НОВОСТЕЙИМИДЖ ГОСУДАРСТВЕННОЙ СЛУЖБЫВОПРОСЫ ПРОТИВОДЕЙСТВИЯ КОРРУПЦИИО ПРОТИВОДЕЙСТВИИ ТЕРРОРИЗМУО КАДРОВОМ ОБЕСПЕЧЕНИИПРОГРАММА РАЗВИТИЯ ТЕРРИТОРИИ ЕРЕЙМЕНТАУСКОГО РАЙОНАНОВАЯ ЭКОНОМИКА - НОВЫЕ ПЛАНЫ И ГОРИЗОНТЫК ЗЕЛЕНОЙ ЭКОНОМИКЕЭКОНОМИКА и ФИНАНСЫГРАЖДАНСКИЙ БЮДЖЕТОБРАЗОВАНИЕСОЦИАЛЬНАЯ ЗАЩИТА И ЗАНЯТОСТЬДОРОЖНАЯ КАРТА 2020ЗДРАВООХРАНЕНИЕКУЛЬТУРА И ЯЗЫКИФИЗИЧЕСКАЯ КУЛЬТУРА И СПОРТТУРИЗМВНУТРЕННЯЯ ПОЛИТИКАСЕЛЬСКОЕ ХОЗЯЙСТВОАРХИТЕКТУРА И ГРАДОСТРОИТЕЛЬСТВОЖИЛИЩНО-КОММУНАЛЬНОЕ ХОЗЯЙСТВО ПАССАЖИРСКОГО ТРАНСПОРТА, АВТОМОБИЛЬНЫХ ДОРОГ, СТРОИТЕЛЬСТВА И ЖИЛИЩНОЙ ИНСПЕКЦИИПРЕДПРИНИМАТЕЛЬСТВО и ПРОМЫШЛЕННОСТЬГОСУДАРСТВЕННАЯ ПОДДЕРЖКА ПРЕДПРИНИМАТЕЛЬСКОЙ ДЕЯТЕЛЬНОСТИУПРАВЛЕНИЕ ПО ГОСУДАРСТВЕННЫМ ДОХОДАМЗЕМЕЛЬНЫЕ ОТНОШЕНИЯПРОЕКТЫ НОРМАТИВНО-ПРАВОВЫХ АКТОВНОРМАТИВНО-ПРАВОВЫЕ АКТЫВОПРОСЫ ПРОФИЛАКТИКИ ПРАВОНАРУШЕНИЙВЫБОРЫОБЩЕСТВЕННЫЕ СЛУШАНИЯОТЧЕТНЫЕ ВСТРЕЧИПУБЛИЧНЫЕ ОБСУЖДЕНИЯТЕКУЩАЯ ДЕЯТЕЛЬНОСТЬСЛУЖБА ЦЕНТРАЛЬНЫХ КОММУНИКАЦИЙ СООБЩАЕТПОИСК СОЛДАТАНИКТО НЕ ЗАБЫТ - НИЧТО НЕ ЗАБЫТО О ВЕТЕРАНАХ ВОВПОЧЕТНЫЕ ГРАЖДАНЕ РАЙОНАВИДЕОРЕПОРТАЖИЛЕГАЛИЗАЦИЯТЕНДЕРА и ГОСУДАРСТВЕННЫЕ ЗАКУПКИСПИСОК ОЧЕРЕДНОСТИ ГРАЖДАНГАЛЕРЕЯКАРТА САЙТАЗЕМЛЯ ПО ЗАКОНУРАЗЪЯСНИТЕЛЬНАЯ ПО ГОСУДАРСТВЕННЫМ ИНИЦИАТИВАМОЦЕНКА ЭФФЕКТИВНОСТИ БЮДЖЕТНЫХ ПРОГРАММ РАЗВИТИЯБЮДЖЕТНЫЕ ПРОГРАММЫНЕПРАВИТЕЛЬСТВЕННЫЕ ОРГАНИЗАЦИИЕНПФ"РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ"МЕДИАЦИЯДЕКЛАРАЦИЯ О ДОХОДАХОСМСУПОЛНОМОЧЕННЫЙ ПО ЭТИКЕ АППАРАТА АКИМА ЕРЕЙМЕНТАУСКОГО РАЙОНАКОММУНАЛЬНОЕ ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ "ЦЕНТР ИЗУЧЕНИЯ ЯЗЫКОВ"ВЫДАННЫЕ РАЗРЕШИТЕЛЬНЫЕ ДОКУМЕНТЫ

2017 жылғы 29 қыркүйекте Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының барлық филиалында  биылға осымен үшінші рет Ашық есік күні шарасы өтеді.Тұрғындардың зейнетақы жүйесіне қатысты хабардарлығын және қаржылық сауаттылығын арттыруға арналған бұл шараның кезекті тақырыбы «Зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру тәртібі» деп аталады. Бұл  салымшылардың көпшілігін толғандыратын маңызды тақырыптардың бірі екендігі белгілі.

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры тұрғындар арасында белсенді түрде түсіндіру жұмыстарын жүргізіп келеді. Әрине, осындайжұмыстар барысында зейнетақы төлемдеріне қатысты сұрақтардың барлығы да қамтылатындығы сөзсіз.

Ал, қазақстандықтар алдағы болатын Ашық есік күні шарасына қатыса отырып, кімдердің зейнетақы төлемдерін алуға құқығы бар екендігі, зейнетақы төлемдерінің жыл сайынғы сомасы қалай есептелетіндігі, ерікті зейнетақы жарналары есебінен кімдердің зейнетақы төлемдерін алуға құқығы бар екендігі, шетелге тұрақты тұруға кетуге байланысты зейнетақы жинақтарын төлеу тәртібі, сондай-ақ зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру кезеңділігі мен мерзімі туралы толыққанды мағлұматтар алатын болады.

 

«Салымшылардың көпшілігі зейнет жасына жақындағанда барып зейнетақы төлемдерін жүзеге асырудың тәртібі мен ерекшеліктері туралы білуге талпына бастайтындығы жасырын емес. Көп адам ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы жинақтарын алу мүмкіндігі мен зейнетақы жинақтары жеткілікті болған жағдайда оларды сақтандыру ұйымдарына аударға болатындығы жайында тіпті бейхабар. Одан басқа, өмірде әр түрлі жағдайлар орын алады емес пе!? Мысалы, шетелге тұрақты тұруға кетуге байланысты зейнетақы жинақтарын төлеуге немесе зейнетақы жинақтарын мұраға қалдыруға қатысты мәселелер туындайды. Сондықтан, біз тұрғындардың зейнетақы жүйесіне қатысты хабардарлығын және қаржылық сауаттылығын арттыруға бағытталған жұмыстарды одан әрі жалғыстыру қажеттігін көріп отырмыз», - деді «БЖЗҚ» АҚ Астана филиалының мамандары.

 

Зейнетақы төлемдерін алу құқығы, зейнетақы төлемдерін жүзеге асырудың заманауи тәртібі және оның болашақта қандай өзгерістерге ұшырайтындығы туралы Қор мамандарыөздерінің 29 қыркүйектегі шара аясында өткізетін таныстырылымы аясында жан-жақты әңгімелейтін болады.  

Сонымен қатар,БЖЗҚ-ның салымшылары мен алушылары осы таныстырылымнан кейін өздерін қызықтыратын барлық сұрақтарға толыққанды жауаптар ала алады. 

Естеріңізге сала кетелік, «БЖЗҚ» АҚ алғашқы Ашық есік күні шарасы ағымдағы жылдың 31 наурызында өткізілген болатын. Оның басты тақырыбы «Зейнетақы жүйесі қалай құрылған» деп аталды. Ал, «Барлық салымшыға қолжетімді БЖЗҚ» тақырыбына арналған екінші шара 30 маусымда өткізілді. Зейнетақы Қоры әр түрлі тақырыпқа арналған осындай шараларды алдағы уақытта да үш ай сайын өткізіп тұруды жоспарлап отыр.

 

Ашық есік күні Астана қаласы Бейбітшілік к-сі, 25, «Өркен» іскер орталығында  өтеді.

 

Іс-шара сағат 10.00 басталады.

Разработка и поддержка сайта IT-Expert
www.it-expert.kz
020800, Акмолинская область, Ерейментауский район, город Ерейментау, ул.А.Кунанбаева 121
Тел.: 8(71633) 21333, 21467, 23465
E-mail: oo_erem@mail.ru