Бесінші қыркүйек, сенбі күні, аудан орталығында күзгі жәрмеңке ұйымдастырылды. Негізінен сүт өнімдері, көкөністер(картоп, сәбіз, қияр), ет ұсынылды. Жәрмеңкеге 4 селолық округ өкілдері өнімдерін әкелді. Аталмыш жәрмеңке өзінің қол жетімді бағаларымен ерекшеленді. Жәрмеңкеде картоптың әр келісі 60, сәбіз, қияр 80, сиыр еті 800-900 теңгеден сатылды. Бұл базардағы бағадан анағұрлым арзан.

- Меніңше осындай жәрмеңкелер қала тұрғындары үшін маңызы зор. Осындай шара арқылы қала тұрғындары арзан бағаға азық-түлік алып, қуанып жатады. Бұл шараны ұйымдастырған аудан басшыларына алғысымыз шексіз,- дейді қала тұрғыны Д. Каримов.
Осындай жәрмеңкелер әр сенбі сайын өткізілетін болады. Бұл- қала тұрғындарына қазіргі жағдайда, жасалып жатқан зор септік.