ГЛАВНАЯАРХИВ НОВОСТЕЙИМИДЖ ГОСУДАРСТВЕННОЙ СЛУЖБЫВОПРОСЫ ПРОТИВОДЕЙСТВИЯ КОРРУПЦИИО ПРОТИВОДЕЙСТВИИ ТЕРРОРИЗМУО КАДРОВОМ ОБЕСПЕЧЕНИИПРОГРАММА РАЗВИТИЯ ТЕРРИТОРИИ ЕРЕЙМЕНТАУСКОГО РАЙОНАНОВАЯ ЭКОНОМИКА - НОВЫЕ ПЛАНЫ И ГОРИЗОНТЫК ЗЕЛЕНОЙ ЭКОНОМИКЕЭКОНОМИКА и ФИНАНСЫГРАЖДАНСКИЙ БЮДЖЕТОБРАЗОВАНИЕСОЦИАЛЬНАЯ ЗАЩИТА И ЗАНЯТОСТЬДОРОЖНАЯ КАРТА 2020ЗДРАВООХРАНЕНИЕКУЛЬТУРА И ЯЗЫКИФИЗИЧЕСКАЯ КУЛЬТУРА И СПОРТТУРИЗМВНУТРЕННЯЯ ПОЛИТИКАСЕЛЬСКОЕ ХОЗЯЙСТВОАРХИТЕКТУРА И ГРАДОСТРОИТЕЛЬСТВОЖИЛИЩНО-КОММУНАЛЬНОЕ ХОЗЯЙСТВО ПАССАЖИРСКОГО ТРАНСПОРТА, АВТОМОБИЛЬНЫХ ДОРОГ, СТРОИТЕЛЬСТВА И ЖИЛИЩНОЙ ИНСПЕКЦИИПРЕДПРИНИМАТЕЛЬСТВО и ПРОМЫШЛЕННОСТЬГОСУДАРСТВЕННАЯ ПОДДЕРЖКА ПРЕДПРИНИМАТЕЛЬСКОЙ ДЕЯТЕЛЬНОСТИУПРАВЛЕНИЕ ПО ГОСУДАРСТВЕННЫМ ДОХОДАМЗЕМЕЛЬНЫЕ ОТНОШЕНИЯПРОЕКТЫ НОРМАТИВНО-ПРАВОВЫХ АКТОВНОРМАТИВНО-ПРАВОВЫЕ АКТЫВОПРОСЫ ПРОФИЛАКТИКИ ПРАВОНАРУШЕНИЙВЫБОРЫОБЩЕСТВЕННЫЕ СЛУШАНИЯОТЧЕТНЫЕ ВСТРЕЧИПУБЛИЧНЫЕ ОБСУЖДЕНИЯТЕКУЩАЯ ДЕЯТЕЛЬНОСТЬСЛУЖБА ЦЕНТРАЛЬНЫХ КОММУНИКАЦИЙ СООБЩАЕТПОИСК СОЛДАТАНИКТО НЕ ЗАБЫТ - НИЧТО НЕ ЗАБЫТО О ВЕТЕРАНАХ ВОВПОЧЕТНЫЕ ГРАЖДАНЕ РАЙОНАВИДЕОРЕПОРТАЖИЛЕГАЛИЗАЦИЯТЕНДЕРА и ГОСУДАРСТВЕННЫЕ ЗАКУПКИСПИСОК ОЧЕРЕДНОСТИ ГРАЖДАНГАЛЕРЕЯКАРТА САЙТАЗЕМЛЯ ПО ЗАКОНУРАЗЪЯСНИТЕЛЬНАЯ ПО ГОСУДАРСТВЕННЫМ ИНИЦИАТИВАМОЦЕНКА ЭФФЕКТИВНОСТИ БЮДЖЕТНЫХ ПРОГРАММ РАЗВИТИЯБЮДЖЕТНЫЕ ПРОГРАММЫНЕПРАВИТЕЛЬСТВЕННЫЕ ОРГАНИЗАЦИИЕНПФ"РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ"МЕДИАЦИЯДЕКЛАРАЦИЯ О ДОХОДАХОСМСУПОЛНОМОЧЕННЫЙ ПО ЭТИКЕ АППАРАТА АКИМА ЕРЕЙМЕНТАУСКОГО РАЙОНАКОММУНАЛЬНОЕ ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ "ЦЕНТР ИЗУЧЕНИЯ ЯЗЫКОВ"ВЫДАННЫЕ РАЗРЕШИТЕЛЬНЫЕ ДОКУМЕНТЫ

Қанжығалы қарт Бөгенбай батырдың бүгінгі ұрпақтарының бірі - Әлихан Тобайұлы Барлыбаев 1924 жылы 2 желтоқсанда Ерейментау ауданындағы Қоржынкөл ауылында кедей шаруаның шаңырағы астында дүниеге келген. Оның балалық жəне жастық шағы қазақ даласын жайлаған алапат ашаршылықтың ауыр жылдарында өтті. Сол бір қиын-қыстау кезеңде жан сауғалаған олар Омбы облысының Шарбақкөл ауданына көшіп кеткен. 1942 жылы сол жерден əскер қатарына шақырылып, соғысқа алынады. Далалық, Воронеж жəне Бірінші Украин майдандарында соғыс жорықтарына қатысып, Ұлы Жеңіске өз үлесін қосқан ол

əскер қатарынан 1946 жылы босатылып, елге оралады. Майдандағы ерліктері үшін «Қызыл жұлдыз», І жəне ІІ дəрежелі «Отан соғысы » ордендерімен , көптеген медальдармен наградталған. Соғыстан кейін Н.К.Крупская атындағы Семей педагогикалық институтын бітірген. Әлекең қалған бүкіл саналы ғұмырын ұрпақ тəрбиесіне арнап келді. Семей техникалық- темір жол училищесінде, Семейдегі №5 орта мектеп пен педагогикалық училищеде тарих пəнінен дəріс берді. Семей зоотехникалық мал дəрігерлік жəне педагогикалық

институттарында СОКП тарихы кафедрасының оқытушысы, Алматы халық шаруашылығы институтының Семейдегі оқу-консультациялық пунктінің меңгерушісі қызметін атқарды. 1972 жылдан бастап өмірінің соңына дейін Алматы ауыл шаруашылығы институтында аға оқытушысы болып еңбек етіп келді. Әлихан Барлыбаев жас кезінен бастап өзінің атақты батырлар əулетінің ұрпағы екенін біліп өседі. Алайда, Бөгенбай батыр

туралы деректер тек жоңғар шапқыншылығымен байланысты болғаннан басқа ешқандай ақпарат болған жоқ.

Сондықтан, батыр қолданған бұйымдарды іздеп, бабасынан қалған мұраларды зерттеу керек деп алдына мақсат қойды. 1963 жылы Бөгенбайдан тараған ұрпақтарымен танысу үшін Ереймен еліне келіп, Батырқожа Кенжалинмен танысады. Ол Заң бұлағының жанындағы үйде отызыншы жылдары сандықта Бөгенбай батырдың заттары жасырын сақталғаны туралы əңгімелеп береді. Осы əңгімені естіп алғаннан кейін Әлихан Бөгенбай батырдың басқа да ұрпақтарын жинап алып, осы айтылған жерді қазып, батыр баба қолданған бұйымдарды алады. Әлихан Батырқожадан Бөгенбайға қатысты тағы бір деректер жайлы мағлұмат алады. 1941 жылы Батырқожа майданға аттанады. Бірде ол өзінің майдандас жолдасы Степанға атақты Бөгенбай батырдың ұрпағы екенін айтады. Сонда Степан «Сенің атаңның суреті Ленинградтағы музейде ілініп тұр» -дейді. Сөйтіп, Батырқожа Бөгенбай батыр суретін Ленинград қаласына барып, бірінші рет көреді. Осы əңгімені естіген Әлихан Төбайұлы тыңғылықты зерттеуге кіріседі. Бірінші Петр мен Әбілхайыр заманында Қазақстанның Ресейге қосылу мəселесі тұрғанда Ресейден Тевкелевтің экспедициясы келгенін, қазақ елін 2 жылдай зерттегенін, сол зерттеушілердің арасында бір орыс топографы Бөгенбайдың суретін қағазға түсіріп алып, кейін сол суретін музейге тапсырғанын біледі. 1735 жылы Бөгенбай Петербургке екінші Екатеринаға - Россиямен бірігудің келісіміне жағдай жасауға келген. Әлихан осы Бөгенбай батырдың суретінің көшірмесін елге əкелуге ат салысқан. 1888 жылы қайтыс болған Саққұлақ бидің мазарына қайта өңдеу жасап, ұрпақтарынан қаржы жинап ұйымдастырған да Әлихан Тобайұлы. 1991 жылы Бөгенбай батырдың 300 жылдық мерейтойының өтуіне бастау болып, Бөгенбай батырдың Екібастұздағы Олжабайдан тарайтын ұрпақтарының, Ереймен еліндегі ұрпақтарының басын қосқан елдің қадірлі ақсақалы. Барлыбаев Әлихан Тобайұлы 2006 жылы қайтыс болды.

С. ЖЫЛҚЫБАЕВ,

мəдениет жəне тілдерді

дамыту бөлімінің басшысы

 

 

Разработка и поддержка сайта IT-Expert
www.it-expert.kz
020800, Акмолинская область, Ерейментауский район, город Ерейментау, ул.А.Кунанбаева 121
Тел.: 8(71633) 21333, 21467, 23465
E-mail: oo_erem@mail.ru