18.11.2015 ж. аудан әкімінің мәжіліс залында аудан әкімі Е.Б. Нұғымановтың төрағалығымен Ерейментау ауданы әкімдігі жанындағы жастар ісі жөніндегі Кеңестің отырысы өтті.
Кеңес отырысының жастар ресурстық орталығының жұмысы туралы және жастар Форумын өткізу жөнінде мәселелер қаралды.
Қорытынды сөзбен жұмыс отырысын аудан әкімі Е.Нұғыманов жастармен жүйелі жұмыс жүргізудің нақты жолдарын түсіндірді. Атап айтқанда, жастардың жұмысқа орналасуына сараптама жасап, кәсіпкерлікке тарту, осы жөнінде әңгіме өткізу, жоғарғы оқу орнын бітіретін жастармен, оларға
дұрыс бағыт-бағдарлар беру керектігін қадап айты.
Әрбір өтетін іс-шара өз формасына сай болуы керектігін айтқан аудан басшысы жастарға көмек көрсету керектігіне тоқталды. Кеңес мүшелері тарапынан қойылған сұрақтарға да жан- жақтан жауаптар берілді. Ашық әңгіме, пікір алысу барысында өткен қенес отырысында жиынға қатысушылар көптеген ойлар мен
ұсыныстарын ортаға салды. 
