ГЛАВНАЯАРХИВ НОВОСТЕЙИМИДЖ ГОСУДАРСТВЕННОЙ СЛУЖБЫВОПРОСЫ ПРОТИВОДЕЙСТВИЯ КОРРУПЦИИО ПРОТИВОДЕЙСТВИИ ТЕРРОРИЗМУО КАДРОВОМ ОБЕСПЕЧЕНИИПРОГРАММА РАЗВИТИЯ ТЕРРИТОРИИ ЕРЕЙМЕНТАУСКОГО РАЙОНАНОВАЯ ЭКОНОМИКА - НОВЫЕ ПЛАНЫ И ГОРИЗОНТЫК ЗЕЛЕНОЙ ЭКОНОМИКЕЭКОНОМИКА и ФИНАНСЫГРАЖДАНСКИЙ БЮДЖЕТОБРАЗОВАНИЕСОЦИАЛЬНАЯ ЗАЩИТА И ЗАНЯТОСТЬДОРОЖНАЯ КАРТА 2020ЗДРАВООХРАНЕНИЕКУЛЬТУРА И ЯЗЫКИФИЗИЧЕСКАЯ КУЛЬТУРА И СПОРТТУРИЗМВНУТРЕННЯЯ ПОЛИТИКАСЕЛЬСКОЕ ХОЗЯЙСТВОАРХИТЕКТУРА И ГРАДОСТРОИТЕЛЬСТВОЖИЛИЩНО-КОММУНАЛЬНОЕ ХОЗЯЙСТВО ПАССАЖИРСКОГО ТРАНСПОРТА, АВТОМОБИЛЬНЫХ ДОРОГ, СТРОИТЕЛЬСТВА И ЖИЛИЩНОЙ ИНСПЕКЦИИПРЕДПРИНИМАТЕЛЬСТВО и ПРОМЫШЛЕННОСТЬГОСУДАРСТВЕННАЯ ПОДДЕРЖКА ПРЕДПРИНИМАТЕЛЬСКОЙ ДЕЯТЕЛЬНОСТИУПРАВЛЕНИЕ ПО ГОСУДАРСТВЕННЫМ ДОХОДАМЗЕМЕЛЬНЫЕ ОТНОШЕНИЯПРОЕКТЫ НОРМАТИВНО-ПРАВОВЫХ АКТОВНОРМАТИВНО-ПРАВОВЫЕ АКТЫВОПРОСЫ ПРОФИЛАКТИКИ ПРАВОНАРУШЕНИЙВЫБОРЫОБЩЕСТВЕННЫЕ СЛУШАНИЯОТЧЕТНЫЕ ВСТРЕЧИПУБЛИЧНЫЕ ОБСУЖДЕНИЯТЕКУЩАЯ ДЕЯТЕЛЬНОСТЬСЛУЖБА ЦЕНТРАЛЬНЫХ КОММУНИКАЦИЙ СООБЩАЕТПОИСК СОЛДАТАНИКТО НЕ ЗАБЫТ - НИЧТО НЕ ЗАБЫТО О ВЕТЕРАНАХ ВОВПОЧЕТНЫЕ ГРАЖДАНЕ РАЙОНАВИДЕОРЕПОРТАЖИЛЕГАЛИЗАЦИЯТЕНДЕРА и ГОСУДАРСТВЕННЫЕ ЗАКУПКИСПИСОК ОЧЕРЕДНОСТИ ГРАЖДАНГАЛЕРЕЯКАРТА САЙТАЗЕМЛЯ ПО ЗАКОНУРАЗЪЯСНИТЕЛЬНАЯ ПО ГОСУДАРСТВЕННЫМ ИНИЦИАТИВАМОЦЕНКА ЭФФЕКТИВНОСТИ БЮДЖЕТНЫХ ПРОГРАММ РАЗВИТИЯБЮДЖЕТНЫЕ ПРОГРАММЫНЕПРАВИТЕЛЬСТВЕННЫЕ ОРГАНИЗАЦИИЕНПФ"РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ"МЕДИАЦИЯДЕКЛАРАЦИЯ О ДОХОДАХОСМСУПОЛНОМОЧЕННЫЙ ПО ЭТИКЕ АППАРАТА АКИМА ЕРЕЙМЕНТАУСКОГО РАЙОНАКОММУНАЛЬНОЕ ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ "ЦЕНТР ИЗУЧЕНИЯ ЯЗЫКОВ"ВЫДАННЫЕ РАЗРЕШИТЕЛЬНЫЕ ДОКУМЕНТЫ

Кез келген ауылдық округте әдетте азаматтардың жиынына жан көп жиылады. Бұл жүздесу - дәстүрге айналған, ауылдастар тағатсыздана күтетін билікпен арадағы әңгіме. Халықты толғантатын өзекті мәселе аясында ашық сөйлесу, оған даярлық - бүкіл билік органдарының жұмыс айнасы. Елбасының барлық деңгейдегі әкімдердің жыл сайынғы есепті кездесуін өткізу туралы Жарлығына сәйкес осы аптада ауданымыздың үш округінде халықпен кездесу өтті. Аудан әкімі Ермек Нұғымановпен бірге аудандық мәслихаттың хатшысы Қайрат Махметов, коммуналды кәсіпорын, ТКШ, ветеринарлық бақылау қызме т інің, ауыл шаруашылығы, телекоммуникация, құқық тәртібі, МЗТО, баспасөз өкілдері бірге еріп жүрді. Қойтас ауылдық округі. Ажы ауылының клубына халық лық толды. Дәстүр бойынша бірінші сөз алған округ әкімінің міндетін атқарушысы С. Ə. Оразалимов "Ауылдық округтің 2015 жыл ішіндегі әлеуметтік- экономикалық дамуы және 2016 жылға арналған міндеттері туралы" баяндама жасады. Округте 3 ЖШС, 15 шаруа қожалығы, 1 кәсіпкер бар. «Əлдібеков» шаруа қожалығы экспортқа етке 119 бас, «Береке» шаруашылығы 90 бас ірі қара тапсырды. Жылдық жоспар 185 пайызға өтелді. Ветеринар мамандар ауқымды жұмыс жүргізді. 1665 бас ірі қараға РВ-51 дәрісі егілді. Ауылдық аумақты дамытуға, халықты әлеуметтік қорғауға қатысты мәлімет келтірілді, білім беру, денсаулық сақтау, спорт саласының жетістіктері айтылды. Аудан әкімі Ермек Нұғыманов өзінің есепті баяндамасын Елбасының 2015 жылғы 30 қарашадағы «Қазақстан жаңа жаһандық ахуалда: өсім, реформалар, даму» Жолдауында межеленген міндеттерден бастады. Бес институционалды реформа шеңберіндегі «Ұлт жоспары -100 нақты қадам" тапсырмасына назар аударды. Баяндамада қала мен ауылдарда оң шешімін тапқан мәселелер, мал шаруашылығы, тау- кен қазбасы, өңдеу жүйесіне қатысты мәліметтер қамтылды. Кәсіпорындар Индустрияландыру картасына енген кәсіпорындар өндірісі өсіміне молынан септесті. Инвесторлардың ауыл шаруашылығындағы мақсат-бағыты, жайылымдық жердің тиімді пайдаланылуы, халықтың жұмыспен қамтылуы және өңірдің толыққанды өркендеу болашағына лайықты өзге маңызды жайттар әңгіме болды. Ауылдастар әрмен қарай елді мекенде ауыл шаруашылығы кооперативін құруға ұсыныс енгізді. Ғаламтор желісіне қолжетімділік ыңғайы, газет-журналдың уақтылы қолға тимейтіні сауал қоюға негіз болды. Аудандық телекоммуникациялар торабының басшысы Марат Айтпаев істің мәнісін техникалық мұмкіндік ыңғайымен орайластырды. Қойтас ауылының бұрынғы әкімі Нариман Əлдібеков есепті кездесу соңында өз атына айтылған жылы лебізі, басшылық қызметтегі 8 жыл ішінде қолдау көрсеткені үшін халыққа алғыс айтты. Түстен кейін есепті кездесу Бозтал ауылында өтті. Ауыл әкімі Қанат Мұқанов ауылдастар өмірінің барлық саласын толық сипаттады. Аумақта шаруашылық пен серіктестік санының көбейгенін тілге тиек етті. Өңір де түрлі шараларды ұйымдастыруға белсене үн қосатын барлық шаруашылық басшыларына, жеке кәсіпкерлерге алғыс айтты. Ауылда клубтың жоқтығына, халықты жұмыспен қамтуға, «Бозтал-Өлеңті» жолын, орта мектептің жиналыс залының сахнасын жөндеуге қатысты мәселе көтерілді. Б. Т. Қосыбаев әкім қызметін атқаратын Өлеңті ауылдық округінде халық тарапынан мүлде сауал көтерілген жоқ. Жалғыз-ақ мәселе: жедел жәрдем көлігін алдыруға көмек бергізуді сұрады. Жергілікті билікке сенімнің күшейгенін айқын аңғардық. Ауылдастар тарапынан айтылған алғыс лебізі жаңағы сөзімізді нық дәлелдейді. Есепті кездесуде көтерілген барлық мәселелер күнделікті тұрмысты қамтыды. Ауызекі әңгіме үлгісіне негізделді. Əйтседе, халықтың тұрмысты оңалтуға ниет-тілегі бары айқын аңғарылды. Əрине, оның бәрі ойлағандай болуы үшін тұрғындардың игі бастамасы, әкімдердің белсенді жұмысы, жергілікті бизнесмендердің әлеуметтік жауапкершілігі ауадай қажет. Бұл әрбір елді мекенде қолдан келетін қадам.

 

 

Разработка и поддержка сайта IT-Expert
www.it-expert.kz
020800, Акмолинская область, Ерейментауский район, город Ерейментау, ул.А.Кунанбаева 121
Тел.: 8(71633) 21333, 21467, 23465
E-mail: oo_erem@mail.ru