2016 жылдың 08 ақпан күні Ерейментау ауданы әкімдігі жанындағы мүгедектерді әлеуметтік қорғау жөніндегі үйлестіруші кеңестің отырысы болды. Кеңес отырысы Ерейментау ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бөлімінің 2016 жылғы 1 тоқсандағы жұмыс жоспарына сәйкес , сонын ішінде ауданда инклюзивті білімді енгізу, мүгедектерге арналған жол белгілері мен тұрақтар, кедергісіз аймақтар құру туралы мәселелері қарастырылды. Кеңеске ауыл әкімдері , бөлім басшылары, жергілікті газет тілшісі қатысты.