Бүгінгі танда Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған мерекелік іс-шараларды ұйымдастырылуда. Ауданымызда Үмбетей жырау атындағы аудандық мәдениет үйінің концерт залында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған байқау өткізілді.
Ағымдағы жылдың 23 ақпан күні «Менің елім Тәуелсіз Қазақстан» ұранымен «Ақмола жұлдыздары» атты аудандық және қалалық халық шығармашылық байқауының қорытынды Гала-концерті өтті.
Салтанаттық іс- шараға Ерейментау ауданының тұрғындары, қызмет басшылары, өнеркәсіп қызметкерлері қатысты. Шара барысында шағын мекемелер қатысуымен концерттік бағдарлама ұйымдастырылды. Би ансамбльдері және тағы басқа да өнер майталмандары халық сүйсіне
тыңдайтын туындыларды орындады.
Ерейментау ауданы әкімінің орынбасары, ұйымдастыру алқасының төрағасы -Әлжанов Абай Еламанұлы, мәдени мұраны насихаттап, халық шығармашылығын дамытуға қосқан зор үлесі мен ерен еңбегі үшін
жеңімпаздарды марапаттады. «Мұрагер» номинациясы бойынша, «Ұлы достық» номинациясы бойынша, «Шабыт» номинациясы бойынша ауылдық округі әкімдер де марапатталады.
Жүлделі орынға ие болған шағын мекемелер ішіндегі жоғары шығармашылық жетістіктері үшің №1 негізгі орта мектеп, «Жұлдызай» балабақшасы, аудандық орталық аурухансы, «Болашақ» балабақшасы, №2 негізгі орта мектеп өнерпаздары марапатталды. Үздік өнер көрсеткен үшін
№1 орта мектеп, «Сказка» балабақша, №8 Агротехникалық колледж Бөгенбай батыр атындағы №2 қазақ орта мектеп, Т. Шаханов атындағы №3 орта мектеп, №2 мектеп-лицей ұжымдары да марапатталды. Жоғары шығармашылық жетістіктері үшін Торғай ауылдық округ, Бестоғай ауылдық округ, Бозтал
ауылдық округ, Олжабай ауылдық округ, Новомарковка ауылдық округ, Еркіншілік ауылдық округ, Күншалған ауылдық округ ұжымдары марапатталды.
Ерейментау аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы, әділ қазылар алқасының төрағасы -Жылқыбаев Сайлау Қабыкенұлы, өнерді нығайтуға қосқан елеулі үлесі үшін, шығармашылық шеберлікті дамытуға қосқан үлесі үшін Алғыс хаттар табыстады.
Жер бетіндегі қай халық үшін де тәуелсіздіктен қадірлі, тәуелсіздіктен ұлы
мұрат жоқ. Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні бүкіл қазақ елін мекендейтін халық үшін ұлы мереке. Тәуелсіздікке қол жеткізгеннен бастап 25 жыл ішінде Қазақстан экономикалық, әлеуметтік, саяси дамуда орасан зор жетістіктерге жетіп, дүние жүзі мемлекеттерінің мойындауына ие болып
отыр. Қазіргі уақытта әлемдік қауымдастық мемлекетімізді қоғамдық келісімі орныққан, тұрақты дамудағы мемлекет ретінде танып отыр.





